16.04.2008, 15:49 2854

ҚР Орталық Азияда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарды төмендету жөнінде бағдарламаларды жүзеге асырудың көшбасшысы болды -БҰҰ

ҚР Орталық Азияда әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарды төмендету жөнінде бағдарламаларды жүзеге асырудың көшбасшысы болды -БҰҰ

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ зұлмат қауіпсіздігін азайту жөніндегі Халықаралық стратегиясы хатшылығының берген бағасы бойынша, Қазақстан елдер мен халықтар арасында әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптарды шеккендер санын азайтуға, сондай-ақ нәубет тәуекелін алдын алудың ұлттық қазығын құруға бағытталған он жылдық Хиог бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Орталық Азияның көшбасшысы болды. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ ХСХЗ хатшылығының басшысы Сальвано Брисеньо ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" В. Божко мен С. Брисеньоның кездесуі барысында екі жақтың қатынастары, соның ішінде зұлмат қауіпсіздігін азайту жөніндегі Халықаралық стратегияның жүзеге асырылуы, Орталық Азияда су тасқыны мен зілзала қаупін азайту жөніндегі БҰҰ бағдарламасының іске асырылуы, Қазақстанда зардаптарды азайту жөніндегі аймақтық орталықты құру жөнінде мәселелер талқыланып, екі жақты байланыстарды кеңейтудің нақты қадамдары белгіленді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз хатында айтылғанындай, С. Брисеньо ҚР ТЖ министрлігінің басшысын биылғы жылдың желтоқсанында Малайзияда өтетін Төтенше жағдайлар министрлігі басшыларының III кездесуіне шақырды.

"Кездесу Қазақстан мен БҰҰ арасында Орталық Азиядағы тосын оқиғалар кезінде ТЖ шаралары және азаматтық төтенше жоспарлау саласы бойынша қарым қатынастары дамуының кезекті бір қадам болды", -деп қорытындылады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны