01.11.2016, 14:39 4040

ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаттары "Қазақфильм" киностудиясыныӊ дубляждау жұмысымен танысты

Сондай-ақ, киностудия қызметкерлері дыбыстауға бөлінетін қаражат мәселесі жобаға байланысты әр түрлі болатынын, мысал ретінде, бір фильмді қазақ тіліне актерлік дыбыстау жасау үшін 10 млн. теӊге көлемінде қаражат кететін айтты.

Алматы. 1 қараша. Kazakhstan Today - Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-на Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісініӊ депутаттары келді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Атап айтсақ, өкілдер арасында дамыту комитетініӊ хатшысы Бейбіт Мамраев, әлеуметтік-мәдени дамыту комитетініӊ мүшелері Кәрібай Мұсырман және Жанат Омарбекова, Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетініӊ мүшесі Снежанна Имашева, сондай-ақ, экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетініӊ мүшесі Айзада Құрманова бар.

Кездесу барысында депутаттар киностудияныӊ жұмысымен, оныӊ жаӊа жобаларымен және киноөндіріс процессімен танысты. Сондай-ақ қонақтар дубляждаудыӊ барлық түрлері (актерлік дыбыстау, дикторлық дыбыстау, субтитрлау) және оған бөлінетін қаражат туралы ақпаратты сұрап білді.

Цифрлық кешенніӊ қызметкерлері депутаттарға 2010 жылы "Қазақфильм" киностудиясы технологиялық базасыныӊ жаӊа модернизациядан өткені жайлы айтып берді. Атап айтқанда: өндірістіӊ барлық кезеӊдерінде жұмыс істеу үшін қажетті құрал-жабдықтармен (камералар, жарық түсіру және дыбыс техникасы, компьютерлер және т.б.) қамтамасыз етілгені, өндірістік алаӊдардыӊ (павильондар, цехтар, лабораториялар, фильмотека және т.б.) жөндеуден өткендігін жеткізді.

"Кеӊестік кезеӊде киностудия жылына 60-тан астам толықметражды фильмді дыбыстайтын. Біз қазір де қажетті заманауи техникамен жабдықталғанбыз, өндірістіӊ барлық қызметін әлемдік деӊгейге сәйкес көрсете аламыз. Десек те, киностудия ылғи да техникалық модернизациядан өтіп тұруы тиіс", - деді "Қазақфильм" киностудиясыныӊ аудиовизуалды жобалар жетекшісі Олжабай Мұсабеков.

Сондай-ақ, киностудия қызметкерлері дыбыстауға бөлінетін қаражат мәселесі жобаға байланысты әр түрлі болатынын, мысал ретінде, бір фильмді қазақ тіліне актерлік дыбыстау жасау үшін 10 млн. теӊге көлемінде қаражат кететін айтты.

Кездесудіӊ соӊына қарай ҚР Парламент Мәжілісініӊ депутаттары лицензияланған Dolby қайтадыбыстау студиясын аралап, "28 панфиловшы" фильмініӊ қазақ тіліне дыбысталу жұмысына куә болды.

Естеріӊізге сала кетсек, өткен аптада ҚР Парламент Мәжілісініӊ жұмыс тобы өткізген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ мәдениет мәселелеріне қатысты бірқатар заӊ актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" депутаттық заӊ жобасы қаралған болатын. Депутаттар, кино мен театр саласыныӊ мамандары, азаматтық қоғам және саяси партиялар өкілдері еліміздіӊ әдебиет және кино, театр, музейлерініӊ жұмыс істеу барысы жайлы өзгертулер жайын талқылады. Осы орайда 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап Қазақстанға әкелінген барлық фильмдердіӊ қазақ тіліне дыбысталу мәселесі талас тудырған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны