15.03.2007, 11:06 3134

ҚР премьер министрі мәдениет және ақпарат министріне "Эра" телеарнасының журналисінен кешірім сұрауға кеңес берді

АСТАНА. 15 наурыз. Kazakhstan Today. Премьер министр Кәрім Мәсімов мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевқа "Эра" телеарнасының журналисінен кешірім сұрауға кеңес берді.

"Бұл оңай мәселе емес. Ертісбаев мырза -менің әріптесім, шынтуайтына келгенде мен оның сөзін сөйлеуім керек. Десек те бұл мәселеге құқықтық баға беру қиынға соғып тұр. Алайда адамгершілік тұрғысынан, мәселенің моральдық - этикалық жағынан қарасақ, мен Ереке, сізден ер азамат ретінде сол журналист қыздың алдынан өтіп кешірім сұрағаныңыз жөн дер едім. Ал бұдан былайғы әрекетті өзіңіз білесіз",-деді К.Мәсімов "Қазақстан" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде.

Ал өз кезегінде мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев былай деп мәлімдеді: "егер мен біреуді абайсызда ренжітіп алсам, тіпті, мәлімдеп жатқандарындай, намысына тисем, онда мен кешірім сұрауға әрдайым дайынмын және бәрінен кешірім сұраймын". "Ал маған бағытталған сөздерге келер болсақ, кешірім сұраудың қажеті жоқ. Министрге, қоғамдық саясаткерге бағытталған сынның мағынасы жеке тұлғаны сөккен сөздерге қарағанда әрқашан кең болып келеді",-деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны