15.12.2010, 17:26 5917

ҚР премьеріне диагностика жасап, тиісті кеңес беретін "Жәрдем" медициналық поезді таныстырылды

Кеше ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова және "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин ҚР премьері Кәрім Мәсімовке диагностика жасап, тиісті кеңес беретін "Жәрдем" медициналық поезді таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 15- желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеше ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, ҚР денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова және "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин ҚР премьері Кәрім Мәсімовке диагностика жасап, тиісті кеңес беретін "Жәрдем" медициналық поезді таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Жәрдем" поезді еліміздің шалғай аймақтарындағы станциялар мен разъездерде тұратын тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп, теміржолшылар мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Арнай жабдықталған теміржол құрамы сондай-ақ төтенше жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге де бағытталған.

"Дөңгөлекті аурухананы" құрып, оны іске қосуды ТЖМ, Денсаулық сақтау министрлігі мен "ҚТЖ" ҰК" АҚ бірлесе отырып жүзеге асырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны