23.04.2007, 16:22 3378

ҚР премьер-министрі Астанадағы медициналық кластерлер нысанының салыну барысына ризашылығын білдірді

АСТАНА. 23 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Астанадағы салынып жатқан нысандарды аралау барысында Астанадағы медициналық кластерлер нысанын салуға байланысты жұмыстарға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Үкімет басшысы президенттің медициналық кластерлер шеңберінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету орталықтарын құруға қатысты тапсырмасының табысты орындалып жатқандығына ризашылығын танытты",- деп мәлім етті журналистерге берген сұхбатында денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой.

Сонымен қатар, К. Мәсімов олимпиядалық кешеннің, 3,5 мың адамға арналған концерт залының, "Гранд Алатау" тұрғын үй кешенінің және Бөгенбай даңғылындағы көлік айналмысының құрылыс алаңына барып қайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны