21.01.2013, 09:47 3354

ҚР премьер-министрі Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды

Ақтау қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, оған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен ҚР Президенті Икімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов қатысты.

Ақтау. 21-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Серік Ахметов Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтау қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, оған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен ҚР Президенті Икімшілігінің Басшысы Кәрім Мәсімов қатысты.

Сессия барысында С.Ахметов депутаттарға облыс әкімінің қызметіне Алик Айдарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет Басшысының хатын оқып берді. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Сессия соңында С. Ахметов облыс активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды.

"Өткен жылдары облыста көп жұмыс атқарылды, дегенмен облыс басшылығының алдында, өңірдің алдында бұдан да ауқымды міндеттер тұр. А.Айдарбаев аймақтың проблемаларын жақсы біледі, басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Ол халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өңірдің экономикасын дамытуға, Елбасымыз айқындаған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салады деп сенемін",- деді С. Ахметов.

Өз кезегінде, А.Айдарбаев көрсетілген жоғары сенімі үшін ел Президентіне алғыс білдірді.

Сондай-ақ С.Ахметов бұрынғы әкім Бауыржан Мұхамеджановқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, оның басшылығымен облыста әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканы әртараптандыру, моноқалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру туралы Елбасының тапсырмалары орындалғанын атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны