08.07.2010, 14:17 3636

ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді

Үкімет басшысы жұмыс сапарының бірінші күнінің бірінші жартысында Тайынша ауданындағы "Баско" ЖШС ет комбинатында, "Тайынша Астық" ЖШС сүт кешенінде болады, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланатын кездесу өткізеді.

Петропавловск. 8-шілде. Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкімет басшысы жұмыс сапарының бірінші күнінің бірінші жартысында Тайынша ауданындағы "Баско" ЖШС ет комбинатында, "Тайынша Астық" ЖШС сүт кешенінде болады, сондай-ақ ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланатын кездесу өткізеді.

Премьер-министр Петропавл қаласындағы №2 қалалық ауруханаға барып, денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы жайындағы мәселелерді талқылайды.

Күннің екінші жартысында К.Мәсімов "Ақбота" балалар бақшасына барып, "Балапан" бағдарламасы аясында мектепалды мекемелердің желісін кеңейту туралы тапсырмасының орындалу барысын талқылайды.
Сондай-ақ, ол "Петропавл құрылыс заттары зауыты" ЖШС-інде болады. Осы нысандарды аралау барысында Премьер Мемлекет басшысының облыстың жылу маусымына дайындығын талқылап, Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан инвестжобалар мен "Нұрлы көш" бағдарламасы аясындағы үйлердің құрылысымен танысады.

Сонымен қатар, Кабмин басшысы кәріздік коллектордың жаңартылу барысымен танысып, "Абылайхан резиденциясы" мұражай кешенінде болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны