01.11.2012, 15:06 2799

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бастаған үкіметтік топ өңірдің жылыту маусымына дайындығы мен мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласында жұмыс тобы "Жылукоммунэнерго" МКК-нің 1-ші ЖЭО-да болып, жылыту маусымында іске қосылатын жаңа жанармай беру қондырғысын және бюджет қаражаты есебінен трансформаторлық аралық станцияны орналастыру бойынша жұмыстар атқарылған "35 квартал" қазандығын көрді.

Астана. 1-қараша. Kazakhstan Today - 1-2 қарашада Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев бастаған үкіметтік топ өңірдің жылыту маусымына дайындығы мен мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семей қаласында жұмыс тобы "Жылукоммунэнерго" МКК-нің 1-ші ЖЭО-да болып, жылыту маусымында іске қосылатын жаңа жанармай беру қондырғысын және бюджет қаражаты есебінен трансформаторлық аралық станцияны орналастыру бойынша жұмыстар атқарылған "35 квартал" қазандығын көрді.

Сондай-ақ, вице-премьер Қ.Көшербаев "Фирма Азия" ЖШС-де болды. Кәсіпорын құрылыс саласы мен құрылыс материалдарын шығаруға бағыттанған. 2012 жылдың тамызынан бастап мұнда "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасының аясында қалыпсыз қуысты тас өндірісі жолға қойылған.

Зырян ауданында вице-премьер "2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жаңғырту" бағдарламасының іске асырылу барысымен және моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында қаланың аудандық жылу қазандығына турбогенераторлар қойылған "Теплоцентраль" қызметімен танысты.

Қ.Көшербаев құрамына Малевский, Греховский кеніштері мен кен байыту фабрикасы кіретін "Қазмырыш" ЖШС-нің Зырян тау-кен байыту кешенін аралады.

Кешен ұжымымен кездесу барысында Алтай қойнауындағы кен орнының және "Қазмырыш" ЖШС-нің алтын кен орнының табылу ықтималдылығы жоғары Малеевский кен орнының солтүстік қапталында кәсіпорын қаржысының есебінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырғаны атап көрсетілді.

Облыс активімен болған кеңесте өңір дамуының негізгі басымдықтары айқындалып, өзекті мәселелерді шешудің жолдары талқыланады.

Ағымдағы жылдың 2 қарашасында үкіметтік жұмыс тобы "Өскемен құс фабрикасы" ЖШС, "АES Согра жылу орталығы" ЖШС-дегі инвестициялық жобалардың іске асырылуымен, машинақұрылысы және темір құю өнімдерінен басқа, арнайы технологиялық әрі стандартты емес құрал-жабдық шығаратын "Востокмашзавод" ЖШС-нің жұмыстарымен танысып, Ұлан ауданындағы 600 орындық жаңа мектепті аралайды.

Жұмыс сапарының аясында облыс әкімдігінде ауыл шаруашылығы министрлігінің және облыстың агроқұрылымдар өкілдерінің қатысуымен "АӨК-2020" және "Жайлау" бағдарламалары жобаларының таныстырылымы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны