02.02.2015, 20:56 3994

ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді.

Вице-Премьер мен облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков қазақстандық-германдық біріккен кран мен темір арқау шығаратын "Бемер Арматура" ЖШС-нде болып қайтты. Ол Индустриаландыру картасыныӊ аясында "Сарыарқа" АЭА-да жүзеге асқан жоба

Қарағанды. 2 ақпан. Kazakhstan Today -Вице-Премьер мен облыс әкімі Нұрмұхамбет Ибдібеков қазақстандық-германдық біріккен кран мен темір арқау шығаратын "Бемер Арматура" ЖШС-нде болып қайтты. Ол Индустриаландыру картасыныӊ аясында "Сарыарқа" АЭА-да жүзеге асқан жоба, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл кәсіпорында өӊірдіӊ өндірістік әлеуетініӊ дамуы, өндірістік процесстердіӊ қалыптылығы және қазақстандық мазмұн үлесініӊ көбеюініӊ өзекті сұрақтарына қатысты жиын өтті.

Жиынға орталық мемлекеттік органдардыӊ, ұлттық компаниялардыӊ, жүйеқұрушы кәсіпорындардыӊ, кәсіподақ және басқа да сала басшылары қатысты.

Жиын ашылуында аймақ басшысы Нұрмұхамбет Ибдібеков нарық жағдаятын ескере отырып, бірқатар мәселер аса өзекті болып отырғанын баса айтты.

- Қарағанды облысы өндірістік мекемелердіӊ көптігіне баса назар аударған ауқымды индустриалық орталық болып табылады және Елбасыныӊ ыждаһатты бақылауында, - деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру жолдарына тоқтала кетті.

Содан соӊ аймақтағы қазіргі кездегі өнеркәсіп пен өндірістіӊ хал-ахуалы жайлы облыс әкімініӊ орынбасары Инуар Ахметжанов баяндама жасады.

"Сантехпром" ЖШС-ніӊ атқарушы директоры Владимир Крючков жергілікті тауар өнімі төӊірегіндегі өзекті мәселелерге тоқталды.

Өзекті мәселелер жөніндегі пікірталас "Кәсіп Қазақмыс" кәсіби одақ комитетініӊ төрағасы Төреқожа Тілемесовтіӊ баяндамасымен аяқталды.

Жиналыс соӊында әріптестік жайлы 57 млрд. теӊгені құрайтын 47 меморандумға қол қойылып, үш бағыт бойынша жұмыс істейтін болды.

Біріншісі - өндірістік үдеріс, еӊбек құқығымен қамтамасыз ету және жұмыскерлерді жұмыспен қамту мәселелері жөнінде облыс әкімдігі, жұмыс беруші және кәсіподақ арасындағы қарым-қатынас.

Екінші - жергілікті қорды дамыту жөнінде облыс әкімдігі мен ұлттық компаниялар арасындағы әріптестік қарым-қатынас орнату.

Үшінші - жергілікті қорды дамыту жөнінде жүйеқұрушы мекемелер мен Қарағанды облысы отандық тауар өндірушілер арасындағы әріптестік қарым-қатынас орнату.

Меморандумға қол қойғандар - "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ, "Қақстан Темір Жолы" ҰҚ" АҚ, "АҚ "Қазақтелеком", "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Корпорация "Казахмыс" ЖШС, "Евразийская Группа" ЖШС және Қарағанды облысы тауар өндірушілері.

Жұмыс сапары соӊында Бердібек Сапарбаев меморандумдарға қол қойған кәсіпорын басшыларына Үкімет атынан алғысын білдірді.

Облыс әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны