28.12.2012, 11:52 6320

ҚР премьер-министрінің орынбасары Қ. Көшербаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ құрамында орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өкілдері бар.

Астана. 288-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР Премьер- Министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев бастаған Үкіметтік топ жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, топ құрамында орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар өкілдері бар.

Үкіметтік топ облыстағы жалғыз моноқала Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында болып, "Қарашұңғыл" ЖШС-нің шағын зауыты өндірісімен танысты. Бұл - Қазақстанның батыс өлкесіндегі тік және көлбеу резервуарлар дайындайтын бірден-бір кәсіпорын.

Сонымен қатар жұмыс тобы Құлсарыдағы "Атырау-Сауда" ЖШС-нің құс фабрикасында болды. Бұл фабриканың тұрғындарды қолжетімді бағаға сапалы құс өнімдерімен қамтамасыз ететін мүмкіндігі бар. Жобаны жүзеге асыру барысында кәсіпорын жылына 150 тонна құс еті мен 18,5 млн.дана жұмыртқа өндіреді.

№7 орта мектепте өткен қала жұртшылығымен кездесуде Қ.Көшербаев Құлсары қаласының әкімі Ш.Кейкиннің моноқаланы дамыту бойынша Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы және "Теңізшевройл"ЖШС бас директорының орынбасары А. Жақиевтің қалақұраушы кәсіпорынның әлеуметтік жобалары туралы баяндамаларын тыңдады.

Түстен кейін жұмыс тобы "Аманкелді" балық шаруашылығы өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Бүгінгі күнде кооперативтің жылына 850 тонна қақталған балық өндіруге мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, Қ.Көшербаев аймақтың 90%-дан астам электр қуатына қажеттілігін өтеп отырған Атырау ЖЭО жұмысымен танысты.

Жұмыс тобы мүшелері "Жайық Балық" ЖШС-не барып және ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша жөнделген Авангард-2 шағын ауданындағы көпқабатты үйлерді көрді.

Қ.Көшербаев сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Икімшілікте облыс активімен өткен кеңесте жұмыс сапары қортындыланып, өңірді дамытудың негізгі басымдықтары мен көкейкесті мәселелері талқыланды.

Вице-премьер Қ.Көшербаев "бүтіндей алғанда Атырау облысы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған ұзақ мерзімді және стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыруда әлеуетінің зор екенін",- атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны