18.10.2010, 17:24 4132

ҚР президенті халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тізімді реттеуді тапсырды - Орынбаев

ҚР президенті халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тізімді реттеуді тапсырды. Бұл туралы бүгін үкіметтің жалпы отырысында ҚР премьер-министрінің орыбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - қазан. Kazakhstan Today - ҚР президенті халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тізімді реттеуді тапсырды. Бұл туралы бүгін үкіметтің жалпы отырысында ҚР премьер-министрінің орыбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ол жуықта елбасының халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі тізімді реттеуді тапсырғандығын атап өтті. "Ол өте үлкен, кімге не беру керек екендігіне шатасып қалдық. Тұрмыс тіршілігі төмендерге көрсетілетін барлық көмек түрлерін қосу туралы мәселені қарастырыңдар",- деп қайталап өтті Е. Орынбаев ҚР президенті Н.Назарбаевтің айтқан сөзін.

Сонымен қатар ол, елбасының екінші тапсырмасы "облыстардағы білім беру мен денсаулық сақтау бюджетінің бар екендігіне" байланысты екендігін айтып өтті. "Аудандық денсаулық сақтау және білім беру бөлімдерінің керегі не? Онан да әкімшіліктерді нығайтыңдар. Мұндай қайталану барлық министрліктерде бар, осының барлығын реттейтін ұсыныстар әзірлеңдер",- деп айтып өтті ол елбасының айтқан сөзін.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін үкімет отырысында премьер-министр елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметке елімізде мектептер, ауруханалар мен балабақшалар салу үшін жаңа құрылыс нормалары мен ережелерін әзірлеуді тапсырғандығын мәлім еткен болатын. К. Мәсімовтың айтуынша, ол жуықта елбасынан 1 ай мерзім ішінде мектептердің, ауруханалардың, сондай-ақ балабақшалардың құрылысы бойынша құрылыс нормалары мен ережелерін әзірлеуге қатысты мәселені шешу туралы тапсырма алған.

"Елеулі мемлекеттік қаржы тиімсіз пайдаланылып жатыр. Бізге үлкен ғимараттардың орнына адамдар мен балалардың қажеттілігіне сай нысандарды салу керек", -деп атап өтті елбасының айтқан сөзін К. Мәсімов.

Осыған байланысты үкімет басшысы бұл мәселе бойынша Үкіметке сәрсенбіде барлық әкімдердің қатысуымен тиісті кеңес ұйымдастыруды жүктеді. "Атап айтқанда, алдағы жылғы қаңтардың 1-інен бастап жаңа бюджет бойынша барлық әлеуметтік нысандар жаңа құрылыс нормаларымен және ережелерімен салынуы үшін біз бір аптаның ішінде шешімдер қабылдауымыз қажет",- деді премьер-министр. Осы орайда К. Мәсімов барлық әлеуметтік нысандар бойынша білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық агенттігіне, барлық әкімдерге бұл мәселе бойынша дайындалуды тапсырды. "Біз базалық мәселелерді шешіп, 1 аптадан кейін Мемлекет басшысына баяндауымыз қажет",-деді үкімет басшысы.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов "осы үш мәселе бойынша дайын болу керек", - деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны