13.06.2008, 19:41 5122

ҚР президенті қорық-мұражайлардың бас даму жоспарын дайындауды үкіметке тапсырды

ҚР президенті қорық-мұражайлардың бас даму жоспарын дайындауды үкіметке тапсырды

Астана. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке қорық-мұражайлардың бас даму жоспарын дайындауды тапсырды. "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы барысында мемлекет басшысы осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үкіметке мұражай-қорықтардың негізгі даму жолдарын анықтайтын бас жоспарды дайындауды тапсырамын", - деді Н. Назарбаев. Бұл ретте ол әрбір қорық-мұражайдың дербес сипаттамаларын жасау қажеттігін атап көрсетті.

Президент оларды қаржыландыруға байланысты мәселелерді де шешу қажеттігін айтты.

"Мұражайлар жергілікті өңірлік мұражайлар секілді бір тектес немесе қайталанатын болмауы керек. Ирбір мұражай Қазақстан тарихын сатылай көрсете отырып, біздің халқымыз жүріп өткен тар жол тайғақ кешуді паш етуі тиіс", - деп түсіндірді мемлекет басшысы.

Сонымен бірге ол қорық-мұражайлар тек жансыз экспонаттардан ғана тұрмай, көшпенділердің тұрмыс-тіршілігін көрсетуі шарт екендігін атап өтті. Бұл туралы тапсырманы президент жергілікті билік органдарының атына айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны