19.06.2008, 19:14 2790

ҚР президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті

ҚР президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен кеше ҚР президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, комиссияның отырысында Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген адамдарға қатысты материалдар қаралды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін Қазақстанның азаматтығын алатын жаңа азаматтарының саны 26 мың адамнан асады, олардың қатарында ТМД елдері мен алыс шетелдерден келген оралмандар мен басқа да ұлттардың өкілдері бар.

Мемлекеттік хатшы: "бүгінгі отырыстың біздің мемлекеттің тарихындағы атаулы күннің - тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының 10-жылдығы қарсаңында өтіп отырғанының өзі айтарлықтай бір жақсылықты білдіреді. Астана табысты болып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заманғы әлемдегі ең ауқымды урбанистік жобалардың бірі бола отырып, егемен Қазақстанның орасан әлеуетін паш етті. Мұның тағы бір дәлелі біз бүгін қазақстандық болғысы келетін 26 мыңнан астам адамның өтінішін қарап отырмыз", деп атап өтті.

Бұл цифрлар жаңа азаматтардың тұрақты құйылымы байқалатын соңғы жылдардағы үрдісті жалғастырып отыр. Белгілі болып отырғандай, мемлекет егемендік алғалы бері Қазақстанға жарты миллионнан астам адам қоныс аударды, оның үстіне олардың едәуір бөлігі соңғы бірнеше жылда ғана келді.

Қ.Саудабаев бұдан әрі былай деп атап көрсетті: "Илемнің әр түкпірінен Қазақстан азаматы болғысы келетін адамдар санының тұрақты өсе түсуі - Қазақстанның тәуелсіз жылдар ішінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың аса көрнекті көшбасшылығымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жетістіктерге қол жеткізуінің жоғары халықаралық тұрғыда танылуының тағы бір сенімді дәлелі. Біз Қазақстанның жаңа азаматтарын құшақ жая қарсы аламыз, оларға бақытты өмір және қайта жаңарған Отанымыздың игілігіне жемісті еңбек тілейміз. Енді жаңа отандастарымызды қарсы алып, олардың әлеуметтік бейімделуіне жауап беретін барлық мемлекеттік органдардың міндеті - олардың біздің өмірімізге тезірек әрі қолайлы кірігіп кетуін қамтамасыз ету".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны