17.02.2012, 09:05 3075

ҚР президентінің өкімдерімен қаржы полициясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды

ҚР президентінің Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Андрей Иванович Лукин бұрынғы атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Астана. 17-ақпан. Kazakhstan Today - ҚР президентінің өкімдерімен қаржы полициясы төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Андрей Иванович Лукин бұрынғы атқарған қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған.

Сондай-ақ, Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жане де Айбар Жиреншеұлы Боданов Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны