25.02.2009, 18:38 3244

ҚР президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті

ҚР президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезеңін (2006-2008 жылдары) жүзеге асырудың қорытындылары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі президенттің берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

"Біздің еліміз, барлық елдер сияқты жаһандық экономикалық дағдарыстан туындаған күрделі жағдайларды бастан кешіруде. Бүгінде мемлекет қаражатының шығындарын есептеуде қатал бақылау жүргізу қамтамасыз етілуі тиіс. Бұған құқық қорғау және бақылау органдары, олардың басшылары, президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының әрбір мүшесі ерекше жауапты болып табылады", - деп мәлімдеді Қ.Саудабаев комиссия отырысының ашылуында.

Отырыста Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес агенттігінің төрағасы Қ.Қожамжаров, Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель, Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Б.Сұлтанов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы А.Орсариев баяндама жасады.

Мәжілістің қорытындысы бойынша комиссия тиісті мемлекеттік органдарга мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде берген тапсырмаларын орындауда түбегейлі шаралар қабылдау және мемлекеттік бағдарламаның 2009-2010 жылдарға арналған екінші кезеңінің жаңа жоспарын қабылдау шараларын жеделдету тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны