02.07.2008, 10:36 1371

ҚР президентінің жарлығымен үкімет мүшелері және мемлекеттік органдардың басшылары "Астананың 10 жылдығы" медальдарімен марапатталды

ҚР президентінің жарлығымен үкімет мүшелері және мемлекеттік органдардың басшылары "Астананың 10 жылдығы" медальдарімен марапатталды

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР президентінің жарлығымен үкімет мүшелері және мемлекеттік органдардың басшылары "Астананың 10 жылдығы" медальдарімен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Марапаттау кеше Үкімет үйінде болды. "Салтанатты рәсім барысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Зағипа Балиеваға, Мұхтар Құл-Мұхаммедке, Анатолий Дерновойға, Владимир Школьникке, Жансейіт Түймебаевқа, Нұрлан Ысқақовқа, Ақылбек Күрішбаевқа, Серік Ахметовке, Бердібек Сапарбаевқа, Болат Жәмішевке, Владимир Божкоға, Бақыт Сұлтановқа, Сауат Мыңбаевқа және өзге де мемлекеттік органдардың басшыларына мерекелік медальді тапсырды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Медальмен сондай-ақ ҚР премьер-министрі кеңсесінің басшылығы мен бөлім меңгерушілері марапатталды.

Құттықтау сөзінде К. Мәсімов "Мемлекет басшысы марапаттау туралы шешімді қабылдай отырып, сіздердің әрқайсыларыңыздың Астананың қалыптасуына және оның дамуына қосқан үлестеріңізді атап өткісі келгендігіне" тоқталды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны