27.06.2008, 10:18 1210

ҚР Салық комитеті "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-нан 56 млрд теңгеден астам ақшаны өндіріп алуды көздеп отыр

ҚР Салық комитеті "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-нан 56 млрд теңгеден астам ақшаны өндіріп алуды көздеп отыр

Астана. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-нан 56 млрд теңгеден астам ақшаны өндіріп алуды көздеп отыр. Бұл туралы журналистерге ҚР ҚМ Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жақында алғашқы инстанция соты мен Жоғарғы соттың Азаматтық істер жөніндегі алқасы артық пайдаға салынатын салық бойынша 56,3 млрд теңге көлеміндегі қаражатты "ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ-на қосымша есептеуді қолдады", - деді Н. Рахметов.

Ол бұл оқиға соттар қолдау көрсеткен Қазақстан тарихындағы ең үлкен қосымша есептеу екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны