02.04.2015, 22:47 3973

ҚР СІМ басшысы Душанбеде ҰҚКҰ Сыртқы істер министрлер Кеӊесіне қатысты

Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымыныӊ (ҰҚКҰ) мүше мемлекеттері Сыртқы істер министрлері Кеӊесініӊ отырысына қатысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Душанбе қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымыныӊ (ҰҚКҰ) мүше мемлекеттері Сыртқы істер министрлері Кеӊесініӊ отырысына қатысты, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тар форматта өткен кездесуде ҰҚКҰ мүше мемлекеттерініӊ сыртқы саяси мекеме басшылары халықаралық саясат пен Ұйымныӊ қысқа мерзімді болашақта дамуы жөніндегі өзекті мәселелерді талқыға салды.Пленарлық отырысқа ЕҚЫҰ ағымды төрағасы, Сербия Премьер-Министрініӊ орынбасары Сыртқы істер министрі И. Дачич, БҰҰ-ныӊ Орталық Азия үшін превентивті дипломатия жөніндегі Өӊірлік Орталығыныӊ басшысы М. Енча қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Қатысушылар халықаралық және аймақтық ұйымдардыӊ ынтымақтастығын нығайту және олардыӊ Ауғанстандағы жағдайдыӊ өрбуі аясында Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде күш-жігерін арттыру мәселелері бойынша жемісті пікір алмасты.

"ҰҚКҰ министрлер Кеӊесініӊ кеӊейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Е.Ыдырысов әлемдегі тұрақсыздықтыӊ өрбуіне тоқтала келе, тар форматтағы пікір алмасу барысында тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударғанын атап өтті. ҚР СІМ басшысы ҰҚКҰ қызметініӊ бейбіт сипаты мен оныӊ кез келген мәселелерді сындарлы, бейбіт және саяси жолдармен шешуге дайындығы мен ұстанымын ерекше айтып өтті", - делінген хабарламада.

"Ислам мемлекеті" өкілдерініӊ Ауғанстан аумағында пайда болуы ол жақтағы жағдайдыӊ сапалы өзгергенін атап өткен жөн", - деді Е. Ыдырысов. "Біз ҰҚКҰ шеӊберінде бұл мәселемен нақты айналысу, оны егжей-тегжейлі зерттеп, біздіӊ өӊірге қауіп төндіріп тұрған жаӊа қатерлерге қарсы іс-қимылдар алгоритмін жасап шығару туралы келісімге қол жеткіздік".

Сондай-ақ, Е. Ыдырысов өз сөзінде Қазақстан өкілі А. Жанқұлиевті ҰҚКҰ Бас хатшысыныӊ саяси мәселелер жөніндегі орынбасары қызметіне кірісуімен құттықтады.

Отырыс қорытындысы бойынша 2015 жылғы бірлескен мәлімдемелер тақырыптарыныӊ Тізімі мен ҰҚКҰ мүше мемлекеттері өкілдерініӊ 2015 жылғы екінші жартыжылдық пен 2016 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған сыртқы саясат, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі кеӊестер Жоспары қабылданды. Сонымен қатар, 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеӊісініӊ 70 жылдығына байланысты ҰҚКҰ Сыртқы істер министрлерініӊ Мәлімдемесі қабылданды. Сонымен қоса, Сыртқы істер министрлер Кеӊесініӊ келесі отырысын ҰҚКҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеӊесініӊ сессиясы қарсаӊында Душанбе қаласында 2015 жылдыӊ ерте күзінде өткізу туралы шешім қабылданды.

Ұйым шеӊберіндегі өзекті мәселелерді, өӊірдегі жағдай мен Душанбеніӊ мемлекеттік басымдықтарын талқылау мақсатында ҰҚКҰ мүше мемлекеттерініӊ Сыртқы істер министрлерін Тәжікстан Президенті Э. Рахмон қабылдады.

Сондай-ақ, Е. Ыдырысов сапары аясында өзініӊ тәжікстандық әріптесі Сироджидин Асловпен кездесіп, Қазақстан Президентініӊ Тәжікстанға сапарын дайындау мәселелері, екіжақты қарым-қатынас пен халықаралық күн тәртібініӊ түрлі аспектілерін талқылады.

Кездесу шеӊберінде тараптар халықаралық және өӊірлік құрылымдардағы өзара ықпалдастықтыӊ жемістілігін атап өтіп, тауар айналымныӊ өсуіне ризашылықтарын жасырмады. 2014 жылғы қаӊтар-желтоқсан аралығында тауар айналымы көлемі 700,4 млн. АҚШ долларын құрған (экспорт - 518,9 млн. АҚШ доллары, импорт - 181,5млн. долл.), бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 23%-ға өскен. Қазақстан Тәжікстан үшін Ресейден кейінгі екінші орындағы сыртқы сауда әріптесі болып табылады.

Кезекті отырысы 19-20 наурыз аралығында Душанбеде өткен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-тәжікстан Үкіметаралық комиссиясыныӊ жұмысы ерекше атап өтілді. Тараптар екіжақты қарым-қатынастыӊ негізгі басымдығы тау-кен өндірісі, түсті металл, машина жасау, энергетика, жеӊіл өнеркәсіп, көлік және коммуникация, сондай-ақ ауыл шаруашылығы салаларындағы ыгтымақтастықты белсендетуге бағытталуы тиіс екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, Е. Ыдырысов Душанбеге сапары аясында И. Дачичпен екіжақты кездесу өткізіп, оныӊ барысында екіжақты формата да, ЕҚЫҰ форматында да ынтымақтасу болашағы қарастырылды. Мұндай ықпалдастықтыӊ ЕҚЫҰ кеӊістігінде орын алып отырған күрделі кезеӊде және 2015 жылдыӊ жазында Ұйымға 40 жыл толуы кезінде өте маӊызды екендігі атап өтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны