13.07.2009, 16:51 2820

ҚР СІМ Ингушетияда қаза тапқан содырда Қазақстанның паспорты болғаны жөніндегі ақпаратты тексеріп жатыр

ҚР СІМ Ингушетияда қаза тапқан содырда Қазақстанның паспорты болғаны жөніндегі ақпаратты тексеріп жатыр

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ Ингушетияда қаза тапқан содырда Қазақстанның паспорты болғаны жөніндегі ақпаратты тексеріп жатыр. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазір бұл дерекке қатысты оның Қазақстан азаматы екендігі жөніндегі ақпарат тексеріліп жатыр. Қажетті барлық әрекеттер жүзеге асырылуда", - деді Е. Ашықбаев.

Ол қаза тапқан содырда "Қазақстанның жасанды паспорты болуы мүмкін екендігін" жоққа шығармады, ол "Қазақстанның тумасы болуы, бірақ Қазақстанның азаматы болмауы мүмкін".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны