27.04.2009, 18:26 3244

ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына Мексикаға барудың орындылығы туралы ойлануға нұсқау береді

ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына Мексикаға барудың орындылығы туралы ойлануға нұсқау береді

Астана. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына Мексикаға барудың орындылығы туралы ойлануға нұсқау береді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, Қазақстан азаматтары Мексикаға негізінен Мәскеудегі Мексика елшілігі арқылы виза сұрау арқылы сапарлайды. Елшіліктің мәліметінше, аталған елге сапармен барып қайтқан еліміз азаматтарының саны мардымсыз ғана. Дейтұрғанмен, қалыптасып отырған жағдайға байланысты біз Қазақстан азаматтарына дәл қазіргі уақытта Мексикаға барудың орындылығы туралы ойлануға нұсқау береміз", - деді Е. Ашықбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "РосБизнесКонсалтинг" агенттігінің хабарлауынша, Мексикада басталған шошқа тұмауының эпидемиясы қазіргі жағдаймен 80 адамның өмірін қиды, тағы 1400 адам вирусты жұқтырған. Жаңа вирус шошқа, құс және адам тұмауының генетикалық материалдарының комбинациясынан түзілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны