12.01.2016, 17:21 3913

ҚР СІМ: Түркияда жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Соӊғы мәліметтерге қарағанда қастандық әрекеттен 10 адам қаза тауып, 15-ке жуығы жараланған.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Түркияныӊ Ыстамбұл қаласындағы Сұлтанахмет алаӊында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Соӊғы мәліметтерге қарағанда қастандық әрекеттен 10 адам қаза тауып, 15-ке жуығы жараланған. Жергілікті ақпарат құралдары жарылысты жанкешті жасаған деген ақпарат таратты. Жарақат алғандардыӊ арасында Германиядан барған саяхатшылар бар. Түрік ақпарат көздерініӊ хабарлауынша, 6 Германия, 1 Норвегия және 1 Перу азаматы көз жұмған. Қазір оқиға орны қоршауға алынды. Ал еліміздіӊ Cыртқы істер министрлігініӊ хабарлауынша, осы оқиғадан жапа шеккендердіӊ арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны