15.07.2016, 14:15 4317

ҚР СІМ-ге Ниццадағы бес қазақстандықтыӊ хал-жағдайы мәлім

Ниццадағы терактіден кейін Франциядағы Қазақстан Елшілігіне бес қазақстандық хабарласты. Олардыӊ төртеуі оқиға орнында болғанын және қанды оқиғаны көзбен көргендерін айтты

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Ниццадағы терактіден кейін Франциядағы Қазақстан Елшілігіне бес қазақстандық хабарласты. Олардыӊ төртеуі оқиға орнында болғанын және қанды оқиғаны көзбен көргендерін айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тағы бір қазақстандық Елшілікке таӊертеӊ хабарласты. Лаӊкестік шабуыл кезінде ол Ницца жағалауында болмаған, Ниццаға бейсенбі күні кешке барған.

ҚР СІМ ақпаратынша, терактіден кейін дипведомствоға Қазақстан азаматы хабарласып, Ағылшын жағалауы маӊындағы қонақ үйде екенін, онымен бірге тағы үш адам бар екенін айтқан.

"Олар өз өмірлері үшін алаӊдаған. Қаза тапқандардыӊ мәйіттері мен жараланғандарды терезеден көргенін айтып, көмек сұраған. Біздіӊ дипломаттар оларға уақытында қауіпсіздік шараларын айтып, сақтану бойынша кеӊестер берді. Қазір олар қауіпсіз жерде, ешбірі жапа шекпеген", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметініӊ басшысы Инуар Жайнақов.

И.Жайнақов бұлардыӊ Ниццаға демалуға барған жанұя екенін атап өтті. Оларға елге жеткізу бойынша көмек қажет емес. Алайда қазақстандық консулдар олармен байланыс ұстап отыр, қосымша көмек керек болған жағдайда жәрдемдесуге дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны