17.05.2010, 18:00 11473

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Тәжікстаннан полиомиелитке қарсы егілмеген балалардың келуін шектеу туралы мәселені қарастыру жөнінде хат жолданды

ҚР Сыртқы істер министрлігіне Тәжікстаннан полиомиелитке қарсы егілмеген балалардың келуін шектеу туралы мәселені қарастыру жөнінде хат жолданды

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Тәжікстаннан полиомиелитке қарсы егілмеген балалардың келуін шектеу туралы мәселені қарастыру жөнінде хат жолданды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР ДСМ Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Кеңес Оспановтың қатысуымен "Тәжікстанда полиомелиттің пайда болуына байланысты Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту және қолданылып жатқан шаралар туралы" баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасында полиомиелит бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы, 2010 жылғы 17 мамырға полиомиелит жағдайы тіркелген жоқ. Бірнеше жылдар бойы республикада балаларды полиомиелитке қарсы вакцинациялаумен қамту деңгейі 95-98% құрайды (талап етілетін деңгей - кемінде 95%).

2002 жылдан бастап Қазақстанды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) полиомиелит жойылған ел деп жариялады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шекаралас елдердегі полиомиелит бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мынадай іс-шаралар жүргізуде: республикаға полиомиелит жағдайларын әкелуді және оның таралуын болдырмау бойынша іс-шараларды үйлестіру жөніндегі шұғыл штаб құрылды; Қазақстандағы жіті енжар паралич (бұдан әрі - ЖЕП) ауруына, сондай-ақ ЖЕП жағдайлары тіркелген елдердегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға эпидемиологиялық мониторинг жүргізілуде; аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының қатысуымен, кейіннен егілмеген балаларды вакцинациялау арқылы 5 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы егуге талдау жүргізуде; Тәжікстаннан келген балаларды анықтау және вакцинациялау бойынша іс-шаралар жүргізілуде; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде 15 жасқа дейінгі балаларда полиомиелитке қарсы егулер туралы сертификаттың барлығын тексеру және егу сертификаты жоқ балаларды одан әрі халықаралық әуежайлар мен теміржол вокзалдарының медициналық пункттерінің базасында (санитариялық-карантиндік пункттерде) вакцинациялай отырып Тәжікстаннан келген адамдарды санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Тәжікстаннан полиомиелитке қарсы егілмеген балалардың келуіне шектеу туралы мәселені қарастыру жөнінде хат жолданды; Қазақстанда полиомиелиттің тіркелу жағдайына емдеу-профилактикалық ұйымдарының дайындығы қамтамасыз етілді; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ), Тәжікстан мен Ресейдің денсаулық сақтау министрліктерімен өзара байланыс жолға қойылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ДДСҰ деректері бойынша, 2010 жылғы 17 мамырдағы жағдаймен Тәжікстанда 278 жіті енжар паралич жағдайы тіркелген, оның ішінде 56 жағдайда полиомиелит зертханалық түрде расталды, соның ішінде 52 (93%) жағдай - 6 жасқа дейінгі балалар арасында.

Ресейдің Иркутск және Мәскеу қалаларында Тәжікстан азаматтары болып табылатын 1 жасқа дейінгі балалар арасында 2 баланың полиомиелит ауруын әкелгені тіркелді.

Дүние жүзінде полиомиелит әлі жойылмаған 4 ел бар - Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан және Нигерия.

"Полиомиелит (Poliomyelitis) - нерв жүйесін зақымдайтын, енжар атрофиялық параличтер, бұлшық еттердің, көбінесе аяқтың және дененің парезін тудыратын жіті инфекциялық ауру. Инфекция тамақ, су арқылы, тұрмыстық қарым-қатынас, сондай-ақ ауа арқылы беріледі. Полиомиелиттің қоздырғышы суда, сүтте, ағынды суларда ұзақ уақыт бойы сақталады және қайнатқанда жойылады. Полиомиелитпен барлық жастағы адамдар, бірақ көбінесе 15 жасқа дейінгі балалар ауыруы мүмкін. Полиомиелиттің өзіндік емі жоқ. Уақтылы вакцинациялау бұл аурудан қорғанудың жалғыз құралы болып табылады. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау өмірінің 2, 3, 4 және 12-15 айларында жүргізіледі. Иммундау үшін кепілді сапасы бар ДДҰ сертификаттаған полиомиелитке қарсы вакцина қолданылады",-деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны