25.02.2014, 19:57 17529

ҚР спортшылары Сочи олимпиадасында үздік ондықтың қатарына 9 рет енді

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінен хабарлағандай, қазақстандық спортшылар Сочи олимпиадасында 9 рет әлемнің үздік спортшыларының қатарына кірді. 21 рет үздік 20 спортшысының қатарынан табылды.

Алматы. 25 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстандық спортшылар Сочи олимпиадасында үздік ондықтың қатарына 9 рет енді.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінен хабарлағандай, қазақстандық спортшылар Сочи олимпиадасында 9 рет әлемнің үздік спортшыларының қатарына кірді. 21 рет үздік 20 спортшысының қатарынан табылды.

Сонымен қатар, Олимпиадаға қатысқан қазақстандық спортшылардың орташа жасы 24 жасты құрады. Ал, өзге мемлекеттерден келген спортшылар жасы жағынан үлкен болып келеді екен.

Естеріңізге сала кетейік, Сочиде өткен XXII қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанау бойынша Денис Тен қола медальді жеңіп алды. Иділқазы алқасы қазақстандықтың өнерін 255,10 ұпайға бағалады.

Сондай-ақ, Олимпиада ойындарында фристайл, коньки тебу спорты және фристайл акробатика бойынша құрама команданың спортсмендері жақсы өнер көрсетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны