07.10.2008, 10:00 1458

ҚР Статистика агенттігі халық санағына дайындық жұмыстарын бастады

ҚР Статистика агенттігі халық санағына дайындық жұмыстарын бастады

Астана. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазанның бірінен алдағы Халық санағына дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Хабар агеенттігіне сілтеме жасап.

Тіркеушілер республикамыздағы елді мекендер мен тұрғын үйлердің тізімін жасауға кірісті. Тұрғын жайларды алдын-ала тіркеу халық санағы өтетін елді мекендерді аудандарға бөлу үшін және аумақтардағы субъектілердің барлығын қамту мақсатында жүргізілмек. Статистика агенттігі арнайы оқытылған 9531 тіркеуші 24-қазанға дейін өңірлердегі барлық тұрғын үйлерді аралап шығатынын хабарлады. Соның нәтижесінде 2009 жылы ақпан-наурыз айларында өтетін Ұлттық халық санағына нақтыланған тізім дайындалады. Тұрғындардың есігін қағатын тіркеушілерде арнайы куәлігі, бейджі мен киімі болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны