16.02.2010, 18:25 2995

ҚР Статистика агенттігінде қаржылық заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін кадрлық ауыс-түйістер жасалды

ҚР Статистика агенттігінде қаржылық заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін кадрлық ауыс-түйістер жасалды

Астана. 16 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Статистика агенттігінде қаржылық заң бұзушылықтарға жол бермеу үшін кадрлық ауыс-түйістер жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Илихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Атап айтсақ, агенттіктің қаржы департаментінде мамандар ауыс-түйісі жасалды. Лайықты жұмыс тәжірибесі бар, беделіне нұқсан келмеген адамдар тағайындалды", - деді И. Смайылов. Оның айтуынша, қаржы департаментінің директоры мен оның орынбасары өз өтініштері бойынша жұмыстан шыққан.

И. Смайыловтың айтуынша, "заңнамаға бағыну мақсаты қойылып отыр". "Сонымен қатар барлық қызметкерлермен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде", - деді мекеме басшысы.

"Кінәлі адамдардың үстінен қылмыстық істің қозғалу дерегінің өзі барлық қызметкерлерді тәртіпке шақырады және бұл шараның да өзіндік әсер-ықпалы бар", - деді И. Смайылов. Ол өзі тарапынан да мұндай оқиғаның қайталанбағаны үшін шара қолданып жатқанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны