02.07.2007, 14:20 3190

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі "Қазахтелекомның" IP-телефония операторларының байланысқа шығару қызметінің тарифін бекітті

АСТАНА. 2 -шілде. Kazakhstan Today. ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі "Қазахтелекомның" IP-телефония операторларының трафигін өткізу қызметінің тарифін бекітті. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басшысы Бақытжан Сағынтаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

""Қазахтелекомның" IP-телефония операторларының трафигін өткізу қызметінің тарифі кеше ғана бекітілді. Тариф 1 минутына 2,15 теңге болып бекітілді", - деді Б. Сағынтаев.

"Біздің пайымдауымызша, бұл шешім біріншіден, IP-телефония операторларының құқықтық аяда жұмыс істей бастауына түрткі болумен бірге, екінші жағынан халықаралдық байланыс саласында нақты бәсекелестік туындайды", - деді ол.

Б. Сағынтаевтың айтуынша, нәтижесінде "халықаралық байланыс құны арзандайды".

"Біз IP-телефония операторларымен сұхбаттастық, олар ең жоғары тариф бір минутына 20 - 30 теңге болады деп отыр", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны