02.08.2012, 12:14 4676

ҚР ТҚҚ басқарудың жаңа жүйесі әзірленуде

Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесі әзірленуде, деп хабарлады ҚР Құрылыс және ТКШ агенттігі Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Ольга Титова Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

Астана. 2-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР ТҚҚ басқарудың жаңа жүйесі әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесі әзірленуде, деп хабарлады ҚР Құрылыс және ТКШ агенттігі Коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры Ольга Титова Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында үстіміздегі жылы республикамызда халықаралық тәжірибені есепке ала отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың жүйесін әзірлеу басталды", - деп хабарлайды О.Титова.

Департамент директоры атап өткендей, ТҚҚ басқарудың негізгі өлшемі аталған мәселені шешу жолының кешендігі мен жүйелілігі болып табылады. Қазіргі уақытта ілкі жобаларға инвестициялық негіздеме әзірлеу жөніндегі жұмыстар басталды.

"Қазіргі уақытта агенттік пен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында ТҚҚ секторына инвестиция тарту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Республиканың 14 қаласында ілкі жобаларға инвестициялық негіздеме әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бастау жоспарлануда", - деді Ольга Титова.

ҚТКША ақпарына қарағанда, ілкі жобалар Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Көкшетау және басқа да қалаларда іске қосылады.

Бұл жұмыс Қазақстандағы тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың нақты механизмін жасауға және инвесторларға қаржы салатын тағы бір секторды табуға мүмкіндік береді.

"Ивестиция әзірлеу әр қаладағы тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің нақты механизмін көрсетеді, онда барлық қатысушылар мемлекет басшысының алға қойған мақсат - қалдықтарды пайдалану көлемін азайтып, қалдықтарды жеке-жеке жинау жүйесін енгізу жөніндегі мақсаттарға жетуге мүдделі өзара байланысты технологиялар мен тариф жасаудың тиімді жүйесі енгізілген", - деп аяқтады сөзін Ольга Титова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны