Система Orphus

ҚР түрлі топтағы азаматтарға қатысты екі өлшемдегі көзқарас ұсталады-құқық қорғаушы

10.12.2007, 17:32 448

Алматы. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан республикасында түрлі топтағы азаматтарға қатысты екі өлшемдегі көзқарас ұсталады, деп мәлімдеді "Адам құқығы үшін хартиясының" қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова дүниежүзілік адам құқығы күніне арналған баспасөз мәслихатында.

"Медеу жағында салынған сарайлар бойынша, шығындар өтем ақысы төленеді дейді. Былтыр біз баспаналары бұзылған шаңырақтарлықтардың шығындары төленсін деген талап қойғанбыз", - деді Ж. Тұрмағамбетова.

Оның сөздері бойынша,"Адам құқығы үшін хартиясы" қоры алматының "Шанырак"ықшам ауданында заңсыз тұрғызылып,үйлері бұзылуға тиіс азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында арнайы топ құрғанбыз.

"біз олардың құжаттарын сотқа тапсыра алмадық, біздерді бір соттан, екіншісіне жіберіп, соңында құжаттарыңды алып кетіңдеп деді. Біз жауап беруші ретінде әкімдікті тарта алмаймыз . Ол заңды тұлға болғандықтан, біз әрине, жеңіліске ұшырадық. Бірақ онда адамдардың бір бөлігі өздерінің баспаналарын заңдастыра алатындығы белгілі болды. Міне осындан, екі түрлі өлшем, екі түрлі тәсіл шығады", - деді құқық қорғаушы.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ҚР бас прокуратурасының мәліметтері бойынша, Иуезов аудандық соты "Шаңырақ" тұрғындарының заңсыз басып алған жерлерін босатып, үйлерін бұзу туралы алматының қалалық жер ресурстары басқармасының 104 арызын қанағаттандырды.

Ықшам ауданы тұрғындары мәлімдегеніндей, оларға жергілікті билік органдары тарапынан қысымшылық жасалды. "Шаңырақ" ықшам ауданының тұрғыны Мырзатай Полуановтың сөздері бойынша, "Иуэзов ауданы әкімі, сіздердің балаларыңыз үшін жауаптымын, біз сіздерді ата-ана құқығынан айырып, балаларды жетімдер үйіне өткіземіз. Ал үйдің айналасын қазып тастаймыз деп айтты бізге"", - деп хабарлады М. Полуанов.

Сонымен қатар, Алматыда өзендердің су қорғау аймағында мемлекетке қайтарылатын 1972 жер учаскесінің барысы анықталды. Оның 50 -Бутаковка өзенінде, 38- кіші Алматылық,153- Үлкен Алматылық өзендерінде орналасқан.

Алматы әкімдігі жер учаскелерін мемлекетке қайтарудың 3 жолын ұсынды. Біріншісі бойынша, "адал сатып алушының жер учаскесін мәжбүрлеп сатқызу".

19 қыркүйекте, үкіметтің кеңейтілген отырысында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтқанындай, "егер біз өзен жағалауы бойында 1981 нысанды ең төменгі $200 мың сатып алып бұзатан болсақ, онда қажетті қаржы көлемі $4 млрд құрайды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны