30.04.2013, 17:49 11292

ҚР тұтынушыларының коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызы 18 %-ға төмендеді

Өткен жылдың қазан айынан бастап республикадағы тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызы 1,4 млрд теңгеге немесе 18%-ға төмендеді, деп хабарлады өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин Үкімет отырысында.

Астана. 30-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР тұтынушыларының коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызы 18 %-ға төмендеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен жылдың қазан айынан бастап республикадағы тұтынушылардың коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызы 1,4 млрд теңгеге немесе 18%-ға төмендеді, деп хабарлады өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин Үкімет отырысында.

"Сіз (Премьер-Министр - ред.еск.) 2012 жылы 9 қазанда ҚР Үкіметі отырысында тапсырма берген сәттен бастап дебиторлық қарыз әкімдіктермен 1,4 млрд. теңгеге немесе 18%-ға төмендеді", - деді С.Нокин.

Барлығы, ведомство мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың сәуір айына жағдай бойынша тұтынушылар коммуналдық қызметтерге 6,5 млрд теңге қарыз болған, 1,2 млрд теңге еліміздің 12 өңіріне келеді.

Ең көп дебиторлық қарыз 4 өңірде сақталуда: Алматыда - 3,4 млрд теңге және Астанада - 1,1 млрд теңге, Қостанай облысында - 430 млн теңге және Оңтүстік Қазақстанда - 321 млн теңге.

Сонымен қатар, С.Нокин атап өткендей, Павлодар облысының әкімдігімен дебиторлық қарыз толығымен жойылған, Атырау облысының әкімдігімен 95%-ға төмендеген.

"Қазіргі уақытта әкімдіктермен бірге алдағы жылу беру маусымына дайындық бойынша жұмыстар басталады, онда өткен маусымның барлық мәселелері мен қателіктері ескеріледі", - деп қортындылады Өңірлік даму министрлігі басшысының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны