11.01.2013, 11:34 2523

ҚР Иділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің "Фейсбукта" ресми парақшасы ашылды

Бұл жерде сот орындаушылардың күнделікті жұмыс барысы, борышкерлердің тізімі, халық білуі тиіс сұрақтарға жауаптар болады. Сондай-ақ аумақтық департамент қызметкерлерінің атқарған жұмыстары жарияланып отырады.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Иділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің "Фейсбукта" ресми парақшасы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жерде сот орындаушылардың күнделікті жұмыс барысы, борышкерлердің тізімі, халық білуі тиіс сұрақтарға жауаптар болады. Сондай-ақ аумақтық департамент қызметкерлерінің атқарған жұмыстары жарияланып отырады.

Азаматтар парақшаға өз пікірлері мен ұсыныстарын да қалдыра алады.

" Комитет осылайша сот орындаушылардың қызметін насихаттауды көздеп отыр", делінген таратылған баспасөз хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны