10.01.2014, 18:39 17857

ҚР ҰҒА академигі Мұхтарбай Өтелбаев алтыншы математикалық "мыңжылдықтың есебін" шешті

Бұл еңбектің маңыздылығы - аталмыш проблема "мыңжылдықтың проблемасы" аталатын 7 ең күрделі математикалық есептердің қатарына енген.Қазіргі таңда мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімін тапқан. Оның иесі - Григорий Перельман.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Мұхтарбай Өтелбаев алтыншы математикалық "мыңжылдықтың есебін" шешті, деп ЕҰУ баспасөз қызметі хабарлады.

"Профессор, ф.-м.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математика институтының директоры Мұхтарбай Өтелбаев "Новье-Стокс теңдеулерінің мықты шешімінің болуы" атты еңбегін аяқтап, ашық басылымда жариялады",- делінген хабарламада.

Бұл еңбектің маңыздылығы - аталмыш проблема "мыңжылдықтың проблемасы" аталатын 7 ең күрделі математикалық есептердің қатарына енген. Атап өтетін жәйт, осы проблемалардың әрқайсысын шешуде Клэй математикалық институты 2000 жылдың басында 1 миллион АҚШ долларын бәйгеге тіккен болатын. Қазіргі таңда мыңжылдықтың жеті проблемасының тек біреуі ғана (гипотеза Пуанкаре) шешімін тапқан. Оның иесі - Григорий Перельман, ол Филдсовский сыйлығына ие болған.

Мұхтарбай Өтелбаевтың толық мақаласы "Математикалық журналда" (2013, т.13, № 4 (50))http://www.math.kz/index.php/ru/513 жарық көрген.

Еске сала кетейік, Мұхтарбай Өтелбаевтың ғылыми қызығушылық саласына функционалдық анализ және оның қолданыстары, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясы, функционалдық кеңістік теориясы, есептеу математикасы, шекаралық есептердің жалпы теориясы кіреді.

Мұхтарбай Өтелбаев - 2002 ж.; 2002-2003 жж. мен 2004-2005 жж. "Алтын адам" байқауында ("Ғылым" номинациясы бойынша "Жыл адамы") "Жылдың ғылыми қайраткері" атағының иегері, ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері, "Ғылым мен технологиялар" номинациясы бойынша Экономикалық ынтымақтастықты ұйымы сыйлығының лауреаты, 2004 ж. "ЖОО-ның ең үздік оқытушысы" ҚР БҒМ грантының иегері, ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны