14.01.2008, 19:16 2952

ҚР үкімет басшысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Экологиялық кодекске түсініктеменің жобасын жасауды тапсырды

ҚР үкімет басшысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Экологиялық кодекске түсініктеменің жобасын жасауды тапсырды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Экологиялық кодекске түсініктеменің жобасын жасауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Экологиялық кодекске табиғат қорғау заңнамасын біркелкі әрі дұрыс түсінуге көмектесетін Экологиялық кодекске түсініктеменің жобасын жасау қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бұған қоса, қоршаған ортаның сапасына қатысты норматив белгілеуге қатысты көзқарастарды қайта қарау қажет. Көптеген нормативтер ескірген және қазіргі жағдаймен халықаралық стандарттарға сай келмейді", - деді ол.

"Сіздің министрлікке Денсаулық сақтау және Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, осындай нормативтердің санағын толық жүргізіп шығуды, оларды халықаралық нормативтерге үйлестіру жөнінде ұсыныстар жасауды тапсырамын", -деді үкімет басшысы. "Бұл біз Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткелі отырған қазіргі сәтте айрықша қажетті", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны