09.07.2010, 13:16 3830

ҚР Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді

ҚР Үкімет басшысы тәуліктің бірінші жартысында қазақстан-ресей шекарасында орналасқан Қарабалық ауданына барып, "Қайрақ" шекара бекетінің жұмысымен танысады.

Қостанай. 9-шілде. Kazakhstan Today ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Үкімет басшысы тәуліктің бірінші жартысында қазақстан-ресей шекарасында орналасқан Қарабалық ауданына барып, "Қайрақ" шекара бекетінің жұмысымен танысады. Осыдан кейін ол облыс орталығын сумен қамтып отырған Қостанай қаласындағы "Қостанай-су" МКК барып, ауыз сумен қамту жүйесін дамыту және коммунальдық қызмет көрсету тарифтері жөніндегі мәселелерді қарастырады.

Ол сондай-ақ, қаладағы перзентханаға, "Қарасу ет" ЖШС-іне барып, өзекті мәселелерді талқылайды.

Күннің екінші жартысында ҚР Премьер-Министрі Арқалық қаласындағы "Қайрат" спорт клубына, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты мен "Қазақстан аллюминийі" ААҚ Торғай боксит кен басқармасына барып қайтпақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны