12.04.2016, 19:03 3652

ҚР Үкіметі отырысында су тасқыны жағдайы мәселелері қаралды

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтіӊ төрағалығымен ҚР Үкіметініӊ селекторлық режімдегі отырысы өтті, оныӊ барысында су тасқыны, су басудыӊ алдын алу бойынша қолданылып жатқан шаралар, сондай-ақ көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтіӊ төрағалығымен ҚР Үкіметініӊ селекторлық режімдегі отырысы өтті, оныӊ барысында су тасқыны, су басудыӊ алдын алу бойынша қолданылып жатқан шаралар, сондай-ақ көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтыӊ мәліметінше, ағымдағы су тасқыны жағдайы елдіӊ төрт өӊіріндегі 43 елді мекенніӊ тіршілік әрекетін қиындатты, 535 тұрғын үйді су басып, ұзындығы 20 шақырым болатын автомобиль жолдарыныӊ 190 учаскесін су шайған, 2 көпір қираған.

Министрдіӊ мәліметінше, апатты жою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарына төрт мыӊнан астам адам, 1140 техника бірлігі, 259 су сорғыш құрылғы жұмылдырылып, 36 шақырым уақытша бөгет салынды. Қолданылған шаралардыӊ арқасында 471 үй құрғатылып, 500-ден астам адам тұрғылықты орындарына оралды.

Қазіргі сәтте ведомствоныӊ алдында апат салдарын жою, су басқан аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу, өзендердіӊ деӊгейін үздіксіз қадағалауды ұйымдастыру, қажетті техниканы дайындау және гидротехникалық құрылымдардыӊ жағдайын тұрақты бақылау бойынша міндеттер тұр.

Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2016 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге арналған алқапты 21,6 млн га дейін арттыру жоспарланған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 400 мыӊ га-ға артық. Астық дақылдарын 15,2 млн га-ға егу көзделген.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған мұнай өнімдерініӊ көлемі жайлы мәліметті таныстырды. Оныӊ айтуынша, дизель отыныныӊ қоры ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердіӊ қажеттілігін толық қамтиды, оныӊ көлемі 366,8 мыӊ тоннаны құрады.

Отырыс қорытындысы бойынша К.Мәсімов Үкімет мүшелеріне су тасқыны жағдайын тұрақты бақылап, сондай-ақ егіс жұмыстарын үздіксіз жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны