16.01.2013, 11:39 3105

ҚР Үкіметі Жамбыл облысына көмекке 800 млн.теңге бөлді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Жамбыл облысындағы дауыл зардаптарын жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін ҚР Үкіметінің төтенше қорынан қаржы бөлу және мемлекеттік материалдық қордан материалдық құндылықтарды броннан шығару туралы ҚР Үкіметінің қаулыларына қол қойды.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі Жамбыл облысына көмекке 800 млн.теңге бөлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Жамбыл облысындағы дауыл зардаптарын жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін ҚР Үкіметінің төтенше қорынан қаржы бөлу және мемлекеттік материалдық қордан материалдық құндылықтарды броннан шығару туралы ҚР Үкіметінің қаулыларына қол қойды.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, Жамбыл облысы әкімшілігіне жылумен, сумен, электрмен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру, тұрғын үйлерді жөндеу жөніндегі бірінші кезектегі жұмыстарды жүргізу үшін Үкімет қорынан мақсатты ағымдық трансферт түрінде 800 млн.теңге бөлінеді.

Сонымен қатар, Жамбыл облысының әкімшілігіне табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін мемлекеттік материалдық резервтен (жабын материалдары, құрылыс ағаштары және әйнек) бірқатар материалдық құндылықтар жіберіледі.

Үкіметтік комисия Жамбыл облысының апаттан зардап шеккен аудандарында қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны