23.04.2013, 16:46 11688

ҚР Үкіметінде Электрондық денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасы таныстырылды

"Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементі мемлекетіміздің әр азаматының денсаулық төлқұжаты болуы тиіс. Онда демографиялық мәліметтер, ауырған, қазіргі аурулар туралы мәліметтер, биометрлік мәліметтер, аллергологиялық және иммундық мәртебесі енгізілгенадамның денсаулығы туралы жалпы ақпарат болып табылады", - деді С.Қайырбекова.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Үкіметі отырысында денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 2013-2020 жылдарға Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтауды дамытудың жаңа тұжырымдамасын ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Электрондық денсаулық сақтаудың орталық элементі мемлекетіміздің әр азаматының денсаулық төлқұжаты болуы тиіс. Онда демографиялық мәліметтер, ауырған, қазіргі аурулар туралы мәліметтер, биометрлік мәліметтер, аллергологиялық және иммундық мәртебесі енгізілгенадамның денсаулығы туралы жалпы ақпарат болып табылады", - деді С.Қайырбекова.

Сонымен бірге, электрондық денсаулық төлқұжаты негізінде пациенттің жеке кабинетін құру жоспарланған, онда әркім өз денсаулығы туралы, дәрігерге қаралу, скринингтен өту немесе профилактикалық процедура қажеттігі туралы хабарламалар ала алады.

Электрондық денсаулық төлқұжаты мәліметтер базасының ортылық бірыңғай сақтау орнына айналады. Қалған жүйелер электрондық денсаулық төлқұжатымен және орталық мәліметтер сақтау орнымен қажетті ақпаратты алу және беру арқылы өзара әрекеттеседі.

С.Қайырбекова атап өткендей, электрондық денсаулық сақтаудың болашақ үлгісінде 10 жаңа ақпараттық жүйелерді жасау жоспарланған.

"Бірыңғай төлем жүйесі, анықтамалықтар мен классификаторлар, емханалар мен медициналық қызметтер сапасы сияқты 4 басым жүйелерді әзірлеу 2013 жылы басталады. 2014 жылы қалған ақпараттық жүйелерді, сонымен қатар электрондық денсаулық төлқұжатын даярлау басталады. Олардың алтауы қолданыстағы жүйелерді жетілдіру арқылы құрылатын болады", - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұдан өзге, 2015 жылдан бастап, электрондық денсаулық сақтауды одан әрі дамыту шеңберінде денсаулық сақтаудың тар шеңберде мамандандырылған бағыттары үшін басқа ақпараттық жүйелерді жасау мүмкіндігі қаралады.

Министрлік ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға дайын медициналық ұйымдар сұрыпталады. Оларға өз бетімен сатып алуға және мамандандырылған ақпараттық жүйелерді енгізуге шығындарды орақ қаржыландыру үшін қаржылай қаражат ұсынылады.

Осылайша, электрондық денсаулық сақтауды дамыту бойынша күшті орталықсыздандыру қамтамасыз етіліп, бағдарламалық қамсыздандырудың компаниялар-әзірлеушілердің кең ауқымын тартуға мүмкіндік береді.

Өз алдына ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Тұжырымдаманы жүзеге асыру пациенттерге қызмет көрсетудің сапасына жақсы ықпал болатынын баса айтты.

"Бізге жүзеге асыру бойынша барлық шараларды қолдану қажет. Медициналық қызметкерлерді түгел оқыту үшін жағдай жасау... Жалпы алғанда, Электрондық денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасы қолдау табады", - деп қортындылады

Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны