29.12.2016, 11:08 8093

ҚР ҰҚК әскери госпиталініӊ жаӊартылған емдеу корпусыныӊ ашылуы болып өтті

Жөндеуден өткен емдеу корпусын Шекара қызметініӊ басшысы генерал-майор Дархан Ділманов пен ҚР ҰҚК әскери госпиталініӊ бастығы полковник Ермек Сапарғалиев ашты.

Астана. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаӊа жыл қарсаӊында ҚР ҰҚК төрағасыныӊ орынбасары - Шекара қызметініӊ директоры генерал-майор Дархан Ділмановтыӊ қатысуымен жаӊартылған емдеу корпусыныӊ ашылуы болып өтті,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Күрделі жөнделуден өткен емдеу ғимараты пайдалануға берілді.

Аталған ғимарат 1982 жылдан бері қарай ешқандай күрделі жөндеуден өтпеген еді, осыған байланысты Мемлекет басшысыныӊ және Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ қолдауымен 2013 жылы аталған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы-қаражат бөлу мәселесі шешілген болатын. Жөндеу жұмыстары өз уақытында және сапалы түрде атқарылғанын атап өту керек.

Жөндеуден өткен емдеу корпусын Шекара қызметініӊ басшысы генерал-майор Дархан Ділманов пен ҚР ҰҚК әскери госпиталініӊ бастығы полковник Ермек Сапарғалиев ашты.

"Емдеу ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп отыр, бұл дегеніміз емделушілерге жасалып жатқан үлкен жағдай деп білу керек, - деді өз сөзінде генерал-майор Дархан Ділманов, - шекарашылар өмірінде бұл ғимараттыӊ алар орны ерекше деп білемін, көптеген әріптестеріміз емделіп жатыр, олардыӊ сапалы түрде медициналық ем алып жатқандығын атап өтуіміз керек. Барлықтарыӊызға мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін".

Осыдан кейін сөз алған Шекара қызметініӊ "Застава тарландары" республикалық қоғамдық бірлестігініӊ төрағасы генерал-майор Хусайн Берқалиев пен ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша бөлімшесініӊ төрағасы полковник Мәлік Райымқұлов та медицина қызметкерлерін, ондағы емделушілерді бүгінгі салтанатты күнмен құттықтады.

Бұдан кейін шақырылған қонақтар мен емделушілер 4 қабаттан тұратын емдеу корпусыныӊ жай-жапсарымен, онда жүргізілген жөндеу жұмыстарымен, сондай-ақ ондағы емдеу бөлімшелерініӊ орналасу жағдайымен танысты. Кардиология, неврология, хирургия, физиотерапевтикалық, инфекция, функциональды диагностика бөлімшелеріндегі орналастыру жұмыстары қонақтардыӊ көӊілінен шықты. Мұнда барлығы 175 төсек-орын қойылған екен. Пайдалануға беріліп отырған корпус санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толығымен жауап береді.

Халқымыз "Денсаулық - зор байлық" деп тегін айтпаған, бұл орайда мемлекетіміздіӊ денсаулық мәселесіне зор көӊіл бөліп отырғандығын осы мысалдан-ақ көруге болады. Алдағы уақытта барлық жағдайы жасылынған емдеу орнында тиісті емдік шараларын уақытылы да сапалы алған шекарашылар Отан шебін алаӊсыз күзетуге аттанатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны