08.12.2016, 17:05 4126

ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ прапорщигі отбасында екі ұл, екі қыз бір мезгілде туды

Асхаттыӊ айтуына қарағанда, үйдегі әжесініӊ көмегімен сәбилерге сүйікті есімдерін қойыпты. Сонымен, сәбилері - Ирсен, Илихан, Диара және Иделдіӊ тезірек орталықтан шығып, үйге қайтуын асыға күтуде

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметшініӊ отбасында төртем туды. Қазақстан Республикасыныӊ мерейтойы қарсаӊында бұл дегеніӊіз Спановтар әулетіне берілген үлкен сыйлық іспеттес болды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында Шекара қызметініӊ "Астана" бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын прапорщик Асхат Спановтыӊ отбасында екі ұл, екі қыз бір мезгілде туды.

Асхат пен Салтанат үшін бұл ұзақ күткен жаӊалық болғандығы жасырын емес. Көпбалалы ата-аналар өздерініӊ жүрекжарды қуаныштарымен шын көӊілден бөлісіп, Астана қаласындағы №1 әйелдер босанатын орталықтыӊ медицина қызметкерлеріне алғыстарын айтуда.

- Алғашқыда бізге үшем болатындығын айтқан болатын, ал төртем болған кезде біз тіпті қуандық, - дейді өзініӊ қуанышын бөліскен жас ана Салтанат Спанова, - жүктілік кезінде мен дәрігерліердіӊ жіті қадағалауында болдым, күйеуім де мені жақсы қолдап, қолынан келген көмегін аяған жоқ.

Көпбалалы отбасыныӊ әкесі де өзініӊ қуанышын жасыра алмай, алғашқы әсерімен бөлісті. Сәбилердіӊ дүние есігін ашқандығы туралы жаӊалықты әскери қызметті атқарып жүрген кезде әйелдер босанатын орталықтыӊ дәрігерлерінен естіпті. Асхат та қатты қуанғаны сонша еӊ алдымен ата-анасына хабарласып, қуанышты жаӊалықты жеткізіпті.

Жоғарыда аталған орталықтыӊ меӊгерушісі Клара Бектұрсынованыӊ сөзіне қарағанда, жаӊа босанған ананыӊ да, өмір есігін жаӊа ғана ашқан сәбилердіӊ де денсаулығы ойдағыдай, өздерін жақсы сезінуде, әрине, олар әлі де дәрігерлердіӊ бақылауында болады. Салтанат болса оларды күнделікті түрде емізіп, аналық мейрімін төгуде, ал сәбилер күннен-күнге күш жинауда.

Асхаттыӊ айтуына қарағанда, үйдегі әжесініӊ көмегімен сәбилерге сүйікті есімдерін қойыпты. Сонымен, сәбилері - Ирсен, Илихан, Диара және Иделдіӊ тезірек орталықтан шығып, үйге қайтуын асыға күткен прапорщик Спанов сонымен бірге Отанымыздыӊ шекара шебін де қөздіӊ қарашығындай күзетуді жалғастыруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны