04.07.2007, 18:04 2883

ҚР Ұлттық банкінің ескерткіш тиындарына екі беделді нумизматикалық байқауда бірінші орын тағайындалды

АЛМАТЫ. 4-шілде. Kazakhstan Today. ҚР Ұлттық банкі шығарған екі ескерткіш тиынға екі беделді нумизматикалық байқауда бірінші орын тағайындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісаіне ҚР ҰЛттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтсақ, "Тиындар шоқжұлдызы2007" байқауында ҚР Ұлттық банкі "Көшпенділер алтыны" сериясымен шығарған "Салт атты" атауы бар тиынға "жылдың күміс тиыны"аталымы бойынша бірінші орын берілді. Байқаудың бас демеушісі тағайындаған "Тиын - ең таңдаулы сыйлық" атты аталымда "Тюльпан Регеля" атты монета жүлдеге ие болды. Бұл тиынды Ұлттық банк "Қазақстанның өсімдіктер әлемі" топтамасы бойынша шығарған. "Тюльпан Регеля" тиыны сонымен бірге көрермендер сыйлығына да ие болды.

Байқауға Армения, Беларусь, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Приднестровье, Ресей, Тәжікстан, Украина, Эстония елдерінен 47 ескерткіш және мерейтойлық тиындар қатысты.

Сонымен бірге, Ұлттық банктің хабарлауынша, халықаралық нумизматтық байқаудың қазылар алқасы "Vicenza Numizmatica International Award" аталымы бойынша Қазақстанның "Космос" атты ескерткіш тиынына бірінші орын берді. Оны ҚР Ұлттық банкі 2006-жылдың 28-желтоқсанында 500 теңгелік номиналмен шығарған.

Биыл бұл байқауға 16 елден 39 монета қатыстырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны