01.07.2016, 17:46 4630

ҚР Ұлттық банкініӊ Facebook және Twitter желілерінде парақшасы ашылады

"Журналистермен кездесудегі басты мақсаттардыӊ бірі - жұмыс сипатындағы өзекті мәселелерді шешу, ҚР Ұлттық Банкі және тұтастай алғанда елдіӊ қаржы нарығы айналасында қалыптасқан ақпараттық аяны талқылау және бұқаралық ақпарат құралдарымен арадағы ынтымақтастықтыӊ болашағын айқындау болды"

Астана. 1 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласында ҚР Ұлттық банкінде БАҚ-пен тиімді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау үшін қаржы-экономикалық тақырыптарды жария ететін журналистік қоғамдастықтыӊ өкілдерімен кездесу өткізілді. Бұл іс-шара барысында ҚР ҰБ бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықпен, бизнес-қоғамдастықпен, қаржы нарығыныӊ сарапшыларымен белсенді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жаӊа ақпараттық саясатты жүзеге асыру аясында бірқатар бастамалардыӊ қолға алынғандығы жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасыныӊ бастығы Александр Терентьев өз сөзінде Ұлттық банктіӊ ашық қарым-қатынас жасауға дайын екендігін және барынша ақпараттық айқындылыққа ұмтылатындығын баса атап көрсетті. Ол өӊірлік БАҚ-пен жұмысты, халықтыӊ, атап айтқанда өскелеӊ ұрпақтыӊ қаржылық сауаттылығын арттыруға байланысты іс-шаралар мен жобаларды қоса алғанда, бұл бағытта қазір тағы қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтып берді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Журналистермен кездесудегі басты мақсаттардыӊ бірі - жұмыс сипатындағы өзекті мәселелерді шешу, ҚР Ұлттық Банкі және тұтастай алғанда елдіӊ қаржы нарығы айналасында қалыптасқан ақпараттық аяны талқылау және бұқаралық ақпарат құралдарымен арадағы ынтымақтастықтыӊ болашағын айқындау болды", - деді А. Терентьев.

Кездесу барысында қаржы реттеушісініӊ өкілдері 2016 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында сыртқы коммуникациялар саласында жүргізілген ақпараттық-түсіндірме жұмысыныӊ нәтижелерімен таныстырды. Сонымен қатар, жұртшылықпен тұрақты негізде белсенді әрі екі жақты байланыстар арқылы қазақстандықтардыӊ қаржы реттеушісіне деген сенімін нығайтуға, Ұлттық Банктіӊ дағдарысқа қарсы шаралары туралы жан-жақты хабардар болуын және түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлармен бөлісті.

А. Терентьевтіӊ айтуынша, таяу арада Ұлттық банктіӊ Facebook және Twitter секілді әлеуметтік желілерді өзініӊ жеке парақшасы ашылады.

"ҚР ҰБ-ныӊ ресми Интернет-ресурсын толықтыру жұмысы жандануда, қаржылық сауаттылық бойынша арнайы веб-ресурсты fingramota.kz құру, медиа саласыныӊ қызметкерлері үшін тақырыптық семинарлар өткізу, қаржы нарығы сарапшыларыныӊ пулын құру және басқа да шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", - деді А. Терентьев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны