25.02.2008, 09:12 2179

ҚР Ұлттық кітапханасында Америка мәдени орталығы ашылады

ҚР Ұлттық кітапханасында Америка мәдени орталығы ашылады

Алматы. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ұлттық кітапханасында 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан мұнай мен газдың ақпараттық ресурстар залында 26-ақпан күні Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігі мен "Шеврон" компаниясы Америка мәдени орталығын ашады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұлттық кітапхананың сыртқы байланыс орталығына сілтеме жасай отырып.

Орталықтың хабарлауынша, аталмыш жобаның мақсаты оқырмандарға АҚШ мәдениеті туралы толық және жан-жақты ақпарат ұсыну болып табылады.

Мамандар алмасуды, сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының американың кітапханаға қатысты жобаларына қатысуын қарастыратын америкалық серіктестер қолдаған кәсіби бағыт Ұлттық кітапхана үшін үлкен маңызға ие.

Орталық ақпаратына сүйенсек, АҚШ-ның әртүрлі ұйым, мекеме және ведомстволарымен арадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ынтымақтастығы бұрыннан бері жалғасып келе жатыр. Кітапхана көптеген жылдар бойы Американың жетекші кітапханаларымен кітаптар және кітапхана аралық абонемент алмасу жүзеге асып келген. АҚШ-ның ҚР-дағы елшілігімен бірлесе отырып кітап көрмелері, семинарлар, тренингтер өткізіліп, Америка кітапханаларында Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін шыңдау іске асқан.

Ұлттық кітапхананың сыртқы байланыс орталығы Ұлттық кітапхана әлем халықтарының 50-ден астам тіліндегі аса бай қорға ие екенін атап көрсетті және "Америкалық мәдени орталықтың қоры ізденуші оқырман үшін ақпарат алудың жаңа көзі болатынына сенім білдірді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны