20.02.2015, 22:07 4977

ҚР Ұлттық мұражайы ақылы қызмет көрсетуге кіріседі

"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы заӊыныӊ 15 бабыныӊ 13 тармақшасына және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарыныӊ ақылы қызмет көрсету түрлерін өзектендіру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ 2015 жылдыӊ 18 ақпандағы № 58 бұйрығымен 2015 жылдыӊ 21 ақпанынан бастап "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайы" РМҚК-ныӊ ақылы қызмет көрсету ережесі бекітілді

Астана. 20 ақпан. Kazakhstan Today - "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы заӊыныӊ 15 бабыныӊ 13 тармақшасына және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарыныӊ ақылы қызмет көрсету түрлерін өзектендіру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ 2015 жылдыӊ 18 ақпандағы № 58 бұйрығымен 2015 жылдыӊ 21 ақпанынан бастап "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық мұражайы" РМҚК-ныӊ ақылы қызмет көрсету ережесі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Мұражайға жеке келушілер:
- Ересектерге - 500 теӊге
- Студенттерге - 300 теӊге
- Оқушыларға - 200 теӊге

Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне, мүгедектерге, жетім балаларға, мектеп жасына дейінгі балаларға, көп балалы аналарға - тегін

Экскурсияға арналған билет:
- №1, №2 Алтын залдары - 1 000 теӊге
- Басқа залдар ("Ежелгі және ортағасыр тарихы залы", "Тарих залы", " Этнография залы", "Астана залы", "Тәуелсіз Қазақстан залы", "№ 1, № 2 Заманауи өнер залдары") - 1 000 теӊге
- Аудиогид (құлаққап пен мультимедиялық құрылғылар) - 1000 теӊге

Ұжымдық экскурсия
(алдын ала тапсырыс бойынша, 1 академиялық. сағат - 45 мин., 20 адам):
- Қазақ, орыс тілдерінде - 1 000 теӊге
- Шет тілдерінде - 2 000 теӊге
- Оқушыларға және мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ, орыс және шет тілдерінде - 400 теӊге

Тақырыптық экскурсия
(1 академиялық сағат - 45 мин):
- Ересектерге - 900 теӊге
- Оқушылар мен студенттерге - 650 теӊге

Уақытша көрме залына жеке келушілер:
- Ересектер - 500 теӊге
- Студенттерге - 300 теӊге
- Оқушыларға - 200 теӊге

Ұлы Отан соғысыныӊ ардагерлеріне, мүгедектерге, жетім балаларға, мектеп жасына дейінгі балаларға, көп балалы аналарға - тегін

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық музейі Орта Азиядағы еӊ үлкен және жас музей. Ол әлемдегі ірі музейлердіӊ ондығына кіреді. Музей Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ тапсырмасымен "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылдыӊ 2 шілдесінде ашылды. Содан бері музей барлық келушілерге тегін қызмет көрсетті. Соӊғы 8 айда ҚР Ұлттық музейіне 140 мыӊ адам келді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны