09.12.2011, 14:51 3697

ҚР үш жыл ішінде 16 мың маман "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауылды жерлерде жұмыс істеуге аттанған

Соның ішінде тек 2011 жылы ауыл квотасы бойынша 2094 түлек білім алып шыққан. Бұл туралы бүгін Астанада "Дипломмен ауылға" республикалық жастар форумында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР үш жыл ішінде 16 мың маман "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауылды жерлерде жұмыс істеуге аттанған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Соның ішінде тек 2011 жылы ауыл квотасы бойынша 2094 түлек білім алып шыққан. Бұл туралы бүгін Астанада "Дипломмен ауылға" республикалық жастар форумында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлім етті.

"2011 жылы ауыл квотасы бойынша 2094 түлек білім алып шықты. Оның ішінде 2055 студент педагогикалық, 39 студент медициналық мамандықтар бойынша оқытылды. Олардың 1380 ауылдарға жіберілді",- деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, білім туралы заңға енгізілген соңғы түзетулер мен өзгерістер ауыл үшін мамандар даярлау жүйесін күшейте түскен.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де "Дипломмен ауылға" атты республикалық жастар форумы жұмысы өтуде. Оған ҚР Президенті Икімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, мүдделі министрліктердің өкілдері қатысуда. Сонымен қатар елдің 14 облысынан келген форум делегаттары мен "Дипломмен ауылға" бағдарламасының 500-ден астам белсенді қатысушылары келіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны