21.08.2008, 16:47 2428

ҚР Искери-стратегиялық зерттеулер орталығы мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырыстарын қалыптастыруға тартылды - орталық басшысы

ҚР Искери-стратегиялық зерттеулер орталығы мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырыстарын қалыптастыруға тартылды - орталық басшысы

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Искери-стратегиялық зерттеулер орталығы мемлекеттің қорғаныс саласындағы тапсырыстарын қалыптастыруға тартылды. Бұл туралы аталмыш орталықтың президенті Сергей Федосеев баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір орталық негізінен мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыспен жұмыс істейтін болады, оның жоспары қазір жасалып, келісу сатысына жетті", - деді С. Федосеев.

"Сонымен бірге біздің орталықтың қызметкерлері халықаралық қатынастарға қатысты түрлі семинарларға және байқауларға қатысады", - деді ол.

"Изірге бізде өз бағдарламамыз жоқ, біз онымен келесі жылдың басынан бастап айналысамыз, қазір біз тек күш құрылымдарына ақпараттық-талдамалық қамтамасыздық тұрғысынан көмек көрсетіп, балама қаржыландыру көздерін іздестірумен шұғылданудамыз", - деді орталық президенті.

Искери-стратегиялық зерттеулер орталығы бірқатар мақсаттарды жүзеге асырады. "Біріншіден, бұл - мемлекет басшысын, күш құрылымдарын, парламент пен үкіметті талдаулармен қамтамасыз ету, ахуалды талдау, әскери өнерді және әскери стратегияны дамыту, қорғаныс және қауіпсіздікке қатысты заң жобаларын талдау және дайындау, сондай-ақ, мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғанысына қатысы бар әскери доктрина мен басқа да бағдарламаларды жасауға атсалысу", -деді С. Федосеев.

"Біз өңірдегі Искери-стратегиялық зерттеулер саласында көшбасшы болуға бағытталған ауқымды мақсат қойып отырмыз", - деді ол.

Қазақстанның Искери-стратегиялық зерттеулер құрылымы АҚШ-тың RAND Corporation , Қазақстанның бірінші президентінің қорының жанындағы Илемдік саясат және экономика институты, Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі кеңесінің жанындағы ұлттық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ұлттық институтымен және Ресейдің стратегиялық зерттеулер институымен ынтымақтастық жөніндегі келісімдерге қол қойды, деді С. Федосеев.

ҚР Искери-стратегиялық зерттеулер орталығы Астанада 2008 жылдың шілде айынан бері жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны