11.12.2007, 19:08 3632

ҚР заңы ұшақтағы заң бұзушылықтарға немқұрайды қарайды - Эйр Астана

ҚР заңы ұшақтағы заң бұзушылықтарға немқұрайды қарайды - Эйр Астана

Алматы. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР заңы ұшақ ішінде орын алған тәртіп бұзғандарға немқұрайды. Мұндай пікірді бүгін өткен баспасөз мәслихатында "Эйр Астана" АҚ әуе компаниясының өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің пікірімізше, біздің заңдар тәртіп бұзған жолаушыларға қатысты немқұрайды. Біздің заңымыз бойынша, ұшақтың ішінде темекі шегіп, ұшу қауіпсіздігін тудырған жолаушыға 300 теңге, немесе 1 АЕК көлемінде айып салынады. Ұшудың қауіпсіздігін төндіру сияқты ауыр заң бұзушылыққа салынатын айыппұл мөлшері сәйкес емес", - деп мәлімдеді "Эйр Астана" АҚӨ әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігі жөніндегі үйлестірушісі Ғалия Төлепбергенова.

Оның сөздері бойынша, Еуропада темекі тартқаны үшін 2 мың еуро көлемінде айыппұл салынады, ал ұшақ ішінде тәртіп бұзғандардың іс-әрекеттеріне байланысты бас бостандығынан айыру шаралары қолданылуы мүмкін.

"Егер адам тәртіпті бұзып, мәселен, борт жүргізушіге немесе жолаушыға қоқан-лоққы көрсетсе, онда 1 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Біздің полицейлерге 273 теңге айыппұл салынады. Бұл адамның күлкісін туғызатын баға. Біздің пікірімізше, мұндай жағдайлардың қайталануы мен шығуы біздің заңдағы немқұрайдылықтың кесірінен болып отыр", - деп есептейді Ғ. Төлепбергенова.

"Бұл ережелер, ұшақта алатын төтенше жағдайларды алдын алу үшін жазылады. Мәселен, бізде бір жолаушы 10 мың метр биіктікте ұшақтың есігін ашуға ұмтылған оқиға болған", - деп хабарлады қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Зухра Сұлтанова. Иуе компаниясы өкілдерінің пікірінше, мұндай тәртіп бұзушылықтар көбінесе, "кәдуілгі қарапайым мәдениеттің болмауынан туындайды".

Иуе компаниясы өкілдерінің мәліметтері бойынша, 2007 жылы ресми түрде "жолаушылардың 70 аса тәртіп бұзушылық оқиғалары тіркелді. Шын мәнінде, олардың көлемі әлде қайда жоғары. 50% ұшақта темекі шегумен байланысты. Бізде жуырда, темекі тарту салдарынан ұшақтың дәретханасында қол майлықтары өртке оранды", - деп хабарлады Ғ. Төлепбергенова.

Иуе компания өкілдерінің пікірінше, ҚР қолданыстағы заңдар әуе жолдарындағы тәртіп бұзушылықпен күресетін тиімді құралдарға жатпайды, сондықтан, Қазақстанның IKAO аясында қабылданған халықаралық заң негізіне қосылу уақыты келді. Мәселен, АҚШ пен Еуропаның бірқатар елдерінде жолаушылардың тәртіп бұзушылығына қатысты қатаң шаралар қолданылады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны