18.06.2008, 19:14 2925

ҚР Жоғарғы соты әкімдіктердің жанында алқа билердің тізімін жасаумен айналысатын орган құруды ұсынады

ҚР Жоғарғы соты әкімдіктердің жанында алқа билердің тізімін жасаумен айналысатын орган құруды ұсынады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Жоғарғы соты әкімдіктердің жанында алқа билердің тізімін жасаумен айналысатын орган құруды ұсынады. Бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасының судьясы Анатолий Смолин осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз 1,5 жылда алқа билердің тізімі кейде заң талабына сай жасалмайтынын анықтадық. Сол себепті біз әкімдіктердің жанында алқа билердің тізімін жасаумен айналысатын, тұрақты жұмыс істейтін арнаулы уәкілетті орган құруды ұсынамыз", - деді ол.

А.Смолиннің айтуынша, қазір алқа би болудан үміткерлердің үш тізімі жасалуда: біртұтас (аудандар мен облыстардың), қосалқы (облыстық маңызы бар қалалардың) және қосымша тізім. "Біз егер арнаулы уәкілетті орган жұмыс істесе, екі тізім жеткілікті деп ойлаймыз", - деді ол.

Сонымен бірге ол "сот бір кәсіби судья мен 10 алқа биден құрылғаны жөн деген ұсыныс айттық",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны