16.07.2009, 17:54 2724

ҚР Жоғарғы сотындағылар сот үкімін орындаушылар институтын келешекте әскерилендіру мүмкіндігін жоққа шығармайды

ҚР Жоғарғы сотындағылар сот үкімін орындаушылар институтын келешекте әскерилендіру мүмкіндігін жоққа шығармайды

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Жоғарғы сотындағылар сот үкімін орындаушылар институтын келешекте әскерилендіру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заңнама нормаларын сақтау шаралары бойынша өткен дөңгелек үстелде ҚР Жоғарғы сотының судьясы Иуезнұр Қаженов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Келешекте біз мүмкін сот үкімін орындаушылар институтын әскерилендіру жайын қозғайтын шығармыз. Бірақ әзірге сот үкімін орындаушылар - азаматтық тұлғалар. Олардың жұмысы кей жағдайларда тиімді бола бермейді", - деді И. Қаженов.

Оның ақпаратына сүйенсек, республикада шамамен сот шешімдерінің 20 - 25% орындалмайды. "Қазір сот әкімшілігі жөніндегі комитет осы жұмыстың тиімділігін көтеруге шаралар қолдануда. Сондай-ақ, қазір Германияда дамыған секілді жеке меншік сот үкімін орындаушылар институтын енгізу мәселесі талқылануда", - деді судья.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны