11.07.2013, 11:21 3003

ҚР-да 2013 жылдың жарты жылында ана өлім-жітімі 15%-ға азайды

Қазақстанда үстіміздегі жылдың 6 айында ана өлім-жітімі көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 11-шілде. Kazakhstan Today - ҚР-да 2013 жылдың жарты жылында ана өлім-жітімі 15%-ға азайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда үстіміздегі жылдың 6 айында ана өлім-жітімі көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1%-ға төмендегені байқалады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитетінің хабарлауынша, республикада 2013 жылғы 6 айда ана өлім-жітімі көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,1% төмендегі байқалады", -делінген ведомство мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, осы мерзім ішінде ана өлім-жітімі басқа өңірлерге қарағанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Алматы қаласында көбірек орын алды.

Айта кету керек, барлық жағдайлар бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті тәуелсіз сарапшыларды, республикалық ғылыми орталықтардың мамандарын тарта отырып, сараптама жүргізді.

Бұдан өзге, оңтүстік өңірлердегі жағдайды ескере отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі екі мәрте ана өлім-жітімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөнінде штаб өткізіп, босану қызметін тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін медициналық ұйымдардың жетекшілеріне қатысты қатаң шаралар қабылдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті барлық оқиғалар бойынша медициналық қызметкерлер мен емдеу мекемелері басшыларының іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін тексеру материалдарын құқық қорғау және прокуратура органдарына берді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2013 жылдың 6 айында тексеру нәтижелері, азаматтардың арыз-шағымдары бойынша медициналық қызметкерлер мен емдеу мекемелерінің басшыларына қатысты 67 тәртіптік шара қолданылып, оның ішінде 19 қызметкер жұмыстан шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны