01.10.2015, 15:58 4155

ҚР-да 2015 жылы қарттарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 5,6 млрд теӊге бағытталды

Қазақстанда 2015 жылы қарттарға әлеуметтік көмек көрсетуге 5,6 млрд теӊге бағытталды, деп хабарлады Астанадағы брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2015 жылы қарттарға әлеуметтік көмек көрсетуге 5,6 млрд теӊге бағытталды, деп хабарлады Астанадағы брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"1 қазан күні Қарттар күні тойлануда. Бұл дәстүрге айналған шара, бұл бір айға созылады, қарттарға бір ай бойы ерекше құрмет көрсетіледі, қамқорлық көрсетіледі. Аталмыш күнді 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ жариялаған болатын. Жергілікті атқарушы органдар бүгін айлықты өткізудіӊ жоспарын дайындады", - деді С.Жақыпова, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Вице-министрдіӊ айтуынша, шаралар жоспары бір кезекті материалдық көмек көрсетеді, қайырымдылық акция ұйымдастырып, ардагерлерді салтанатты қабылдаудан өткізіп, спорт шараларын ұйымдастырады.

"Бүгін және жыл соӊына дейін 5 млрд 600 млн теӊгеніӊ көмегі көрсетіледі. Оныӊ ішінде 4,1 млрд теӊге жергілікті бюджет және 1,5 млрд теӊгесі әлеуметтік бизнес жауапкершілігі аясында бөлінді", - деді ол.

Қорытындысында, бір мезетті материалдық көмекті 268 мыӊ адам алды, 2,5 млрд теӊге бөлінді, 2,1 млрд теӊге 202 адамныӊ қоғамдық көлікте жеӊілдікпен жүруіне жағдай жасау үшін бөлінді.

"Жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін Қазақстан жеке әлеуметтік көмек желісі құрылды. Бүгінгі таӊда елде 343 үйде қызмет көрсету ұйымы бар, олар 35 мыӊ жалғызбасты қарияларға көмек көрсетеді", - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 1 қазан күні Халықаралық қарттар күні тойланады. Бүгінгі таӊда республикада 1 млн 950 мыӊ қарт бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны